Юлия Галышеваға Олимпиаданың қола жүлдесі үшін қанша сыйақы беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Могулдан қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева 75 мың доллар көлемінде сыйақы алады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында «алтын» алған спортшыға 250 мың доллар, күміс медаль - 150 мың, қолаға - 75 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі. Сондай-ақ, Олимпиадада 4, 5, 6-орын алғандарға да сыйақы қарастырылған.     

Айта кетейік, Олимпиаданың қола медалі үшін мемлекеттен ресми сыйақыдан бөлек, жекелей сыйлықтар беріледі.

Еске салайық, кеше қазақстандық Юлия Галышева фристайл-могул бойынша Олимпиада жарыстарынан тарихи қола медаль алды.

Соңғы жаңалықтар