Юлия Галышева: Жеңістің дәмін енді сезініп жатырмын

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қысқы олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева Пченхчандағы дүбірлі спорт додасынан келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүлдегерді күтіп алуға спорт мектебінің түлектері,  Спорт қоғамының мүшелері, Спорт академиясының студенттері, 2010 жылғы қысқы Олимпиаданың күміс жүлдегері Елена Хрусталева келді.

«Мені жақындарым ғана емес, бүкіл туған жерім қолдағанына қуаныштымын. Жеңістің дәмін қазір сезініп жатырмын. Мені осы уақытқа дейін сонша бейнекамера түсірмепті. Бұл медаль мен үшін өте маңызды. Үйімнің төріне іліп қоямын», - деді фристайл могулшы қыз.

Юлия Галышева қола жүлдесі алтынға пара-пар екендігін жеткізді.

«Өкініш жоқ. Көрсеткен өнеріме сай баға алдым. Қарсыластарыммен 8 жылдан бері бірге жұмыс жасап келеміз. Іштарлық, қызғаныш деген болмады»,- деді ол.

Спортшысының жеңісін бапкері де жоғары бағалады.

«Галышева жеңіске әуел бастан дайын болды. Үшінші орын - алтын емес әрине, бірақ келесі Олимпиадада Юлия жақсы нәтиже көрсететініне сенім мол», - деді Елена Круглыхина. 

Айта кету керек, могулшы қыздар Алматыда бірақ күн болады да, Жапония, Швейцария, Франция елдеріндегі Әлем кубогының кезеңдеріне аттанады.

Юлия Галышева жалпы есепте 5-ші болып тұр.

Ал шаңғы акробатикасының өкілдері өкінішке орай медаль ала алмады.
Қазақстан атынан қыздар арасында фристайл-акробатикадан Жанбота Алдабергенов, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт және Аяна Жолдас сынға түскен еді. Бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Алдабергенова 12-орын (81.07 ұпай), Ақжігіт 14-орын (79.17 ұпай), Қалмұрзаева 21-орын (58.58), Жолдас 23-орын (51.01) иеленді. Бұл сында жолы болмағандарға екінші мүмкіндік беріледі. Екінші іріктеу кезеңінде Алдабергенова 85,36 ұпай алып, 7-орынды еншіледі. Маржан Ақжігіт 70,20 ұпаймен 12-орынға табан тіреді, ал Ақмаржан Қалмұрзаева 16-орын (47.32), Аяна Жолдас - 18-орынға (57.98) тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар