Юлия Галышева: Азаматтығымды ауыстырып, өзге ел атынан сынға түсуге келіспедім

None
None
  ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиадада қола жүлдегер атанған  Юлия Галышеваның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған Пхенчхан Олимпиадасының жүлдегері Юлия Галышева, фристайл могулдан Қазақстан құрамасының бас бапкерлері және өзге де құрама мүшелері, қазақстандық БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында тілшілердің сұрағына жауап берген Олимпиада жүлдегері Галышева өзіне осыған дейін шетелден ұсыныстар түскенін, бірақ ешқашан азаматтығын өзге елге ауыстырмайтынын баса айтты.

"Маған осыған дейін Канададан, Ресейден ұсыныстар болған. Мен азаматтығымды ауыстырып, өзге елдің атынан сынға түсуге келіспедім. Алдағы уақытта да болмайды", - де атап өтті ол.

Ал өз кезегінде фристайл могулдан ұлттық құраманың бапкері Елена Круглыхина: "Юлияға азаматтығын ауыстыру туралы ұсыныс Сочи Олимпиадасының алдында сөз болған», деген сырдың бір ұшығын шығарды.

 Естеріңізге сала кетейік, Юлия Галышева Пхенчхан Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын.

null null 

Фото:Даниар Майлыбаев

Соңғы жаңалықтар