Ыстық күнде көлікте қалған екі жасар сәби мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияда ыстық күнде көлік ішінде қалған 2 жасар бала мерт болды. Жергілікті полиция сәбидің 17 жастағы анасына қатысты тергеу ісін бастады, деп хабарлайды APA.

Оқиға 15 тамызда, Австрия батысындағы Блудену қаласында болған. Әйел полицияға осында досымен  бірге Тирольден келгенін айтқан.

Жолда бала ұйықтап қалған. Тиісті жерге жеткеннен кейін  ұйқыда жатқан баласын анасы оятқысы келмеген. Өздері де ұзақ жолдан  шаршап келіп, үйлеріне кіріп, ұйықтап қалған. Ал бала көлікте  қалған. Бірнеше сағаттан кейін  көлікке келген анасы    баласының өлі денесін көреді.

Полиция оны ыстықтың салдарынан қайтыс болған деп болжауда. Алайда нақты себебі талдау қорытындысынан кейін белгілі болады.

Егер бала ыстықтан  мерт болған болса, анасына қатысты қылмыстық іс қозғалмақ.

Соңғы жаңалықтар