Ыстанбұлдан Қазанға бағыт алған ұшаққа жай түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұлдан Қазанға бағыт алған «Түрік авиалиниясы» ұшағына жай түсті. Бұл туралы Haberturk телеарнасы хабарлады.

Оның дерегің бойынша, бортында 101 жолаушысы бар Boeing 737-800  Ататүрік халықаралық әуежайынан ұшып шыққан. Ұшақ аспанға көтерілген сәтте оған жай түскен. Кеме капитаны әуе айлағына қайта оралу туралы шешім қабылдады. Алайда, Ыстанбұлға қонбастан бұрын  артық жанармайды төгу үшін аспанда бірнеше шеңбер жасауына тура келген.

Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Олар Қазанға әуе компаниясының басқа рейсімен аттанды. 

Соңғы жаңалықтар