Ыстанбұлда жаңа жылда болған терактіге қатысты сот процесі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 желтоқсан, дүйсенбі күні Ыстанбұлдың 27-інші қылмыстық сотында 2016 жылдың 31 желтоқсанында Ортакей ауданындағы Reina түнгі клубында болған лаңкестік әрекет ісінің  бірінші тыңдалуы өтеді. 

Лаңкестік әрекет салдарынан 39 адам қаза тауып, 122 адам зардап шекті, олардың қатарында 60 шетел азаматы бар, деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі.

Іс бойынша 57 адам қаралады, олардың 51-і, соның ішінде лаңкестік әрекетті орындаушы  Абдулкадир Машарипов та бар.

Тергеу Ыстамбұлдың бас прокуратурасының лаңкестік және ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі бөлімінің прокуроры Гёкалп Кекчудың бақылауымен жүргізілді.

90 беттік айыптау актісі әзірленді.

Прокуратура Абдулкадир Машариповтың өмір бойы қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтеуін талап етіп отыр.

Тергеу кезінде Машарипов ДАИШ лаңкестік ұйымының қызметіне қатысы бар екенін мойындап, Reina-дағы шабуылға дейін басқа лаңкестік әрекеттерге қатыспағанын мәлім етті.

Лаңкес түнгі клубқа жасалған шабуыл христиандардан кек алу мақсатында жасалғанын айтты.

«Сириялық Абу Джихад өзара байланыс барысында Ыстанбұлдың Таксим ауданына шабуыл жасауды бұйырды, алайда бұл ауданда полиция қызметкерлері көп жүретіндіктен, Ортакей ауданындағы христиандарды нысанаға алу көзделді», - деді ол.

«Сирияға өту үшін мен Ыстанбұлда күттім. Әйелім және балаларыммен кетуіміз керек болатын. Түнгі клубтағы шабуылға келсек, мен Reina-ға өлу үшін барғанмын. Шабуылдан кейін клубтан зардап шеккен адамның кейпін жасап шықтым, артынша таксиге отырып, жасырынып жатқан пәтеріме жеттім», - деді террорист тергеу барысында. 

Соңғы жаңалықтар