Ыстанбұлда сот ғимаратының жанында атыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұлдағы сот ғимаратының жанында болған айқастан кем дегенде бір адам жарақат алды. Hurriyet газетінің хабарлауынша, қарулы қақтығыс екі топтың арасында болған.

Болған оқиғаға байланысты полиция жеті адамды ұстады.

Yeni Şafak газетінің дерегі бойынша, жанжалға сот процесінің тараптары қатысқан. Сондай-ақ, Gazete 9 басылымы атыс барысында екі адамның жарақат алғанын хабарлады.

Оқиға орнында құқық қорғаушылар мен жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, тамызда Ыстанбұлдағы Анатолий сотында қылмыстық істің тыңдалымы кезінде жанжал болып, оның соңы көшедегі атысқа ұласқан еді. 

Соңғы жаңалықтар