Ыстанбұлда апатқа ұшыраған тікұшақтың бортында төрт ресейлік болған
«Біз қосымша ақпараттарды нақтылаймыз, әзірге тікұшақтың бортында төрт Ресей азаматының болғандығын айта аламын», - деді ол.
«Тасымалдау компаниясының дерегі бойынша, олар - Александр Ванин, Игорь Кочергин, Людмила Чупрова және Елена Бадраган», - деп қосты баспасөз қызметінің өкілі.
Бұдан бөлек, "Эджзаджибаши груп" компаниясы директорлар кеңесінің басшысы Бюлент Эджзаджи NTV телеарнасына берген сұхбатында апатқа ұшыраған тікұшақта консорциумның Ресейдегі бөлімшесі - Vitra Russia компаниясының бас директоры Салим Озеннің қаза тапқанын растады.
«Бортта біздің Ресейдегі компаниямыздың басшысы, сонымен қатар ресейлік төрт клиентіміз болды», - деді ол. Олардың барлығы "Эджзаджибаши" фабрикасына ұшып бара жатқан.
Түрлі дерек бойынша, бортта барлығы жеті адам болған. Оның бесеуі ажал құшты.