YouTubе-тің штаб-пәтерінде атыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицияның дерегі бойынша, YouTubе-тің штаб-пәтерінде әйел адам қарудан оқ жаудырып, үш адамды жарақаттаған. Кейін өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды BBC.

Зардап шеккен үш адам Сан-Францискодағы Цукерберг госпиталіне жеткізілген.

Ауыр халде жатқан 36 жастағы ер адам күдіктінің сүйіктісі болған, деп хабарлайды CBS. Сондай-ақ, 32 және 27 жастағы екі әйел жарақаттанған. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр және орташа ауыр деп бағалап отыр.

Сан-Бруно полиция бастығы Эд Барберини офицерлердің оқиға орнына жергілікті уақытпен сағат 12:48-де жеткенін мәлім етті. Полицейлердің айтуынша, оқиға орнында аласапыран болып, көп адам қашып құтылған.

Барберинидің айтуынша, оқ тиген бір адам компания кеңсесінің алдында табылған. Офицерлер бірнеше минут өткеннен кейін өзін-өзі атқан әйел адамның денесін тапқан. Тағы екі зардап шегуші жақын маңдағы мейрамханадан табылды. Оларға қызметкерлер алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Сондай-ақ оқиға орнынан қашып бара жатып жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілген.

Күдікті табылғанда қолында тапанша болған. Оның кім екені хабарланған жоқ.

YouTube штаб-пәтерінде 1700 адам жұмыс істейді. Компания Google-ға тиесілі және сол аудандағы ірі компания саналады. 

Соңғы жаңалықтар