YouTube қауіпсіздік шараларын күшейтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube-тің штаб-пәтерінде болған атыстан кейін компания барлық кеңсесіндегі қауіпсіздікті күшейтуді ұйғарды. Бұл туралы Google компаниясы Туиттердегі аккаунтында жария етті, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Естеріңізге сала кетейік, 39 жастағы Насим Агдам есімді әйел сейсенбіде YouTube ғимаратында оқ атып, 3 адам жарақаттанды. Қаскөй оқиға орнында көз жұмды. Ол ғимаратқа басып кіріп, маңайдағыларға оқ жаудырған. Артынша өз-өзіне қол жұмсаған.

Оқиға орнына жеткен арнайы жасақ ғимараттағылардың барлығын шығарып, тексеру жүргізді. Жергілікті арналардың хабарлауынша, қаскөйдің бұл қадамға баруына нақты не түрткі болғаны анықталған жоқ. Бірақ ол Youtube оның видеоларына шектеу қойып, қаражат табуға кедергі келдірді деп шағымданған.

 
Соңғы жаңалықтар