Йемен президентін мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасына кесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ансар Алла» шейіттер қозғалысының құрамындағы хусит-баскөтерушілерінің бақылауында тұрған Йемен астанасы Санада қарулы топ өкілдері өздерінің жауы, ел президенті Абд Раббо Мансур Хадиді мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасына кесті, деп хабарлайды «Росбалт». 

Reuters агенттігінің мәліметтері бойынша, саясаткерге агрессор мемлекет - Сауд Арабиясы мен оның одақтастарына қолдау көрсетті деген айып тағылып отыр.

Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасы Йеменнің тағы 6 жоғары дәрежелі шендісіне берілді. Олардың арасында республиканың АҚШ-тағы елшісі Ахмед Авад бин Мубарак пен елдің бұрынғы Сыртқы істер министрі Рияд Ясин де бар.

Йеменде 2014 жылдан бері үкімет әскері мен хуситтер арасында қақтығыстар жалғасып келеді. Осы шиеленістердің нәтижесінде 40 мыңнан астам адам жер жастанып, 19 млн адам шұғыл гуманитарлық көмекке зәру болып отыр.

Соңғы жаңалықтар