Яндекс: Биыл желіде ең көп ізделген тақырып - Елбасы мақаласы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Yandex ресурсында ең көп ізделген тақырып ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Яндекс сарапшылары іздеу нәтижесіне зерттеу жүргізіп, биыл қазақстандықтардың қызығушылығын тудырған оқиғаларды, адамдар мен дүниелерді анықтады. Қазақстанда ең көп ізделген оқиғалар: Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, Қайрат Нұртастың «Арман» фильмінің премьерасы, ҚР Салық кодексіндегі өзгерістер, латын графикасына көшу, 2018 жылы Қазақстанда зейнетақының  индекстелуі», - делінген Яндекс баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстандық қолданушылардың қызығушылығын тудырған халықаралық 6 оқиғаның ішінде - «Тақтар ойыны» телехикасының 7-маусымы, Мьянмадағы мұсылмандардың жағдай, жаңа iPhone X және Санкт-Петербургтегі теракті бар.

Сондай-ақ, қазақстандықтар хоккейден Әлем чемпионаты, Алматыдағы Қысқы универсиада, Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі, Конфедерациялар кубогы, Флойд Мейвезер мен Конор Макгрегордың айқасы туралы мәліметтерді көп іздеген.

2017 жылы желі қолданушыларының арасында танымал болған тұлғалар: Димаш Құдайберген, Қайрат Нұртас, Қанат Ислам, Геннадий Головкин, Дмитрий Марьянов, Диана Шурыгина, Вера Глаголева, Мария Максакова, Стелла Барановская, Илона Новоселова.

Ең көп ізделінген фильмдер мен мультфильмдер арасында «Форсаж 8», «Кариб теңізінің қарақшылары: Өлген адамдар ертегі айтпайды», «Ол», «Галактика сақшылары. 2-бөлім», «Көліктер 3» бар.

Спиннер мен криптовалюта 2017 жылдың оқиғасы саналды.

Яндекс жыл сайын бірінші қаңтардан қарашаның соңына дейінгі аралықта ізделінген негізгі тақырыптарды анықтайды.

 

Соңғы жаңалықтар