Ямалда Ми-8 тікұшағы құлады, 19 адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ямалда Ми-8 тікұшағының апаты кезінде қайтыс болған 19 адамның мүрдесі оқиға орнынан табылды. Бұл туралы сенбіде, 22 қазанда, Ресей ТЖМ өңірлік басқарманың баспасөз қызметі хабарлады, lenta.ru.

Қаза болғандардың ішінде - экипаждың үш мүшесі бар. «Құтқарушылар мұнайшылар мен экипаж мүшелерінің денесін қырынан жатқан, майысып, қираған корпустан арнайы жабдықтың көмегімен ғана алып шығу мүмкін болды», - деді ТАСС ведомство өкілдеріне.

Апат орнында іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Оған 140 адам, 20 бірлік техника қатысты.

Бортында 19 жолаушы, үш экипаж мүшесі болған «Скол» авиакомпаниясының Ми-8 ұшағы 21 қазанда Ямало-Ненецкий автономиялық окгругінің Пуровск ауданына ауыр жағдайда қонды. Тікұшақ «Роснефти» мердігерлік ұйымының вахта қызметкерлерін әкеле жатқан.

ТЖМ деректеріне сәйкес, апат салдарынан 19 адам қаза тапты. Тағы үш адам зардап шекті. Олар ауыр жағдайда Уренгай кентінің ауруханасына жеткізілді.

Ресей Тергеу комитеті апаттың үш негізгі себебін қарастыруда: қауіпсіздік қағидасын бұзу, техниканың істен шығуы, қолайсыз ауа райы. Екі қара жәшік те табылды. Олар жақсы сақталған, қазір шешуге жіберілді.

Соңғы жаңалықтар