Ямалда Ми-8 апатынан кейін қаралы күн жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ямало-Ненецк автономиялық округінде Ми-8 тікұшағы апатына байланысты қаралы күн жарияланды.

Аталмыш апаттың салдарынан 19 адам қаза тапты, деп хабарлады өңір губернаторының көмекшісі Кудрат Байчибаев, деп хабарлады РИА «Новости».

«22 қазан - қаралы күн деп жарияланды. Мемлекеттік билік, өзін-өзі басқару, мемлекеттік мекемелер органдарының ғимараттарында барлық ту төмен түсіріледі. Ойын-сауық шаралары кейінге қалдырылды», - деді ол.

Ол сондай-ақ губернатор қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқанын айтты.

Бұдан бұрын Көлік министрлігінің басшысы апат фактісі бойынша тексеру жүргізуге тапсырма алған.

Ямалда Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Нақтыланған деректерге сәйкес, 19 адам көз жұмды. Бортта 22 адам болған. Қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның үш нұсқасы қаралуда.

Соңғы жаңалықтар