Ямалда апатқа ұшыраған тікұшақтың ұшқыштарының бірі Қазақстанда туған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат-Кеше кешке Ямал-Ненецк аймағында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының үш ұшқышының бірі - Виталий Провальный Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы кентінің тумасы, хабарлайды ҚазАқпарат.

47 жастағы Виталийдің артында әйелі мен екі баласы қалды.

Виталий Провальный кәсіби білім алғаннан кейін Саратов облысы Пугачев әскери училищесінде нұсқаушы болып жұмыс істеді. Бұл туралы «360» телеарнасы хабарлады.

«Ол бұрын әскери ұшқыш болған. Онымен Шешенстанда бірге болдық. Виталий өте тәжірибелі болатын, училищеден кейін Пугачев қаласында нұсқаушы болып істеді. Курсанттарды оқытты. Қазір азаматтық авиацияда мұнай мен газға қатысты салада жұмыс істейтінін білемін. Ол бірінші сыныпты ұшқыш. Майор болған. Қазір қандай атағы барын білмеймін», - деді телеарнаға Игорьдың досы.

Оның айтуынша, 47 жастағы Виталий Провальный Қазақстанда туған. Сызрань жоғары әскери авиациялық училищесін бітірген.

Ресей Тергеу комитетінің ақпаратына сәйкес, кеше, сағат 19.00-ден 20.00-ге дейін Пуровск ауданында «МИ+-8» тікұшағы апатқа ұшырады. Бортта 22 адам болған, оның 3-уі экипаж мүшесі. ТЖМ деректеріне сәйкес, апат салдарынан 19 адам қаза тапты. Тағы үш адам зардап шекті. Олар ауыр жағдайда Уренгай кентінің ауруханасына жеткізілді.

Ресей Тергеу комитеті апаттың үш негізгі себебін қарастыруда: қауіпсіздік қағидасын бұзу, техниканың істен шығуы, қолайсыз ауа райы.

Соңғы жаңалықтар