Якуттер ұлттық киімін қадірлеуден рекорд орнатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутия астанасының тұрғындары мен қонақтары кезекті Гиннес рекордын орнатты. Бұл жолы Ус Хатын жеріндегі Ысыаха Туймаады-2017 мерекесіне 16 620 якут ұлттық киіммен келген. Рекордты ресми судья Правин Пател тіркеді, деп хабарлайды YakutiaMedia ақпарат агенттігі.

Тарихи оқиғаға қатысқан Якутияның басшысы Айсен Николаев: «Ұлттық киімдерімізді қайта жаңғыртуымыз керек. Себебі ол Саха халқының  мәдениеті мен дәстүріндегі маңызды рөл атқарушы», - деді.

Рекордтың қатысушылары шараға жоғары дайындықпен келген. Қымыз ішетін орынға тек якуттың ұлттық киімін киіп келу талап етілген екен.

«Бұл рекордтың жаңа санаты. Бұған дейін әртүрлі ұлттық киімдердегі адамдардың саны бойынша рекорд орнатылып, оған 250 адам қатысқан еді. Жалпы Гиннес рекордының басты талабы барлық ережені орындаудан тұрады. Біз якуттық киімді көрдік, олардың «репликасымен» де танысып, қабылдадық. Рекорд шектелген аймақта өтуі керек. Барлық қатысушылар өз орындарында рекорд аяқталғанға дейін тұруы керек. Барлығы 16 620 адам қатысты», - деді Пател өз сөзінде.

Еске сала кетейік, бұл саха халқының бірінші рекорды емес. Олар 2011 жылы варганда әуен ойнап рекорд орнатқан еді. Сосын 2012 жылы шеңбермен жүріп ән айтудан, 2014 жылы 11 мың адам бір уақытта қымыз ішіп елді таңғалдырған болатын.

Соңғы жаңалықтар