Ядролық қаруы бар елдердің көптігі оның деструктивті күштердің қолына түсу қаупін тудырады - ҚР Президенті

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Жаппай қырып-жою қарулары бар елдердің көбеюі ядролық қарудың деструктивті күштердің қолына түсу қаупін тудырады. Бұл туралы бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» тақырыбындағы отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті ғылыми-технологиялық прогрестің қазіргі мүмкіндіктері және жаһанданудың шынайы болмысы жаппай қырып-жою қаруларын таратпау міндетін адамзаттың аман сақталып қалу мәселесіне айналдырып отырғанын баса айтты.

«Жаппай қырып-жою қарулары бар елдердің көбеюі, ядролық, химиялық, биологиялық және радиологиялық қарудың деструктивті күштердің қолына түсу қаупін тудырады. Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бүгінгі құқықтық база XX ғасыр соңында «Ядролық державалар клубының» кеңеюіне тосқауыл бола алмады. Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа негізделген баршамызға қажет таратпау режімін нығайту терең менталды өзгерістер мен көпжақты жаңа саяси шешімдерді талап етеді деп ойлаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар