Ядролық қаруды таратпау Қазақстанның негізгі бағыттарының бірі - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде ядролық қаруды таратпау ұстанымы Қазақстанның сыртқы саясаттағы маңызды бағыттарының бірі. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, саясаттану ғылымының докторы Санат Көшкінбаев білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Тәуелсіздік алғаннан бері бұл ұстаным еліміздің сыртқы саясатында ерекше орында болды. Осы орайда әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның барлық күш-жігері мәлім, яғни Семейдегі ядролық полигонды жабудан бастап, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру бойынша құжаттарға қол қоюға дейінгі шаралардың маңыздылығы зор. Сонымен қатар төмен байытылған уран банкін құру қадамдары да айрықша назарда болды», - деп атап өтті С. Көшкінбаев.

Оның сөзіне қарағанда, ядролық қаруды таратпау режимін нығайту тұрғысында Мемлекет басшысының күш-жігері әлемде үлкен қолдауға ие болып отыр.

«Жалпы, ядролық қаруды таратпау ісіндегі Қазақстанның көшбасшы рөлін АҚШ-тың басшылығы тарапынан жоғары бағалануда. Сондықтан да Қазақстанның осы бастамалары өзекті болып отыр және уақтылы жасалды деп пайымдаймын. Себебі бұл мәселе жаһандық күнтәртіпте айрықша орында екені мәлім», - деп атап өтті сарапшы.

Соңғы жаңалықтар