WSB-дің чемпион-боксшылары «Astana Arlans» клубын сотқа берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың Есіл аудандық сотында «Астана» президенттік клубының құрамына кіретін «Astana Arlans» кәсіби боксшылар клубына қатысты іс қаралып жатыр, деп жазады Sports.kz.

Іс мазмұны бойынша, WSB Бүкіләлемдік бокс сериясының 5 маусымындағы жеңісі үшін «Astana Arlans» клубына AIBA-дан 400 мың доллар көлемінде сыйақы келіп түскен. Алайда бапкерлер мен боксшыларға ол ақша жетпеген. Істі өзара шеше алмаған боксшылар енді сот көмегіне жүгінген.

24 адам сотқа шағымданған: Ерік Әлжанов, Самат Башенов, Бейбіт Есжанов, Мардан Берікбаев, Жомарт Ержан, Мұхамеджан Еркін, Қайрат Ералиев, Мирас Жақыпов, Нұрдаулет Жарманов, Ержан Мусафиров, Закир Сафиуллин және Мейірболат Тоитов.

«Astana Arlans» клубынан сыйақы құнынан басқа әр адамға 200 000 теңге көлемінде моральдық шығын төлеу талабы қойылған.

Соңғы жаңалықтар