Windows-тың бағдарламаларын бұзатын қауіпті вирус табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - enSilo компаниясының бағдарлама жасаушылары Black Hat Europe 2017 конференциясында байқалмайтын вирусқа қарсы бағдарлама түрінде қала отырып, Windows-тың барлық ақпараттарын бұзуға мүмкіндік беретін жаңа әдісті таныстырды, деп жазады Hi-tech

Мамандардың айтуынша, Process Doppelganging компьютерді вируспен зақымдай отырып, із қалдырмау үшін NTFS механизмін (Windows-ке арналған стандартты файл жүйесі) пайдаланады. Бағдарлама жасаушылар Process Doppelganging әдісін сынап көру арқылы оның белгілі вирусқа қарсы бағдарламаларды орап өтетініне көз жеткізген.

Алайда, мамандар AVs  сканерлерінің механизмін терең меңгермейінше, бұл әдісті қолдану оңайға соқпайтынын  мәлім етті.  

Соңғы жаңалықтар