«Whatsapp», «Telegram» арқылы алауыздықты қоздырған 11 адам ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қарашада ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ішкі істер органдарының қатысуымен терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігі бойынша Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының 11 тұрғынын ұстады.

Көрсетілген адамдар «Whatsapp», «Telegram» мессенджерлерінде және Интернет әлеуметтік желілерінде «ДАИШ» және басқа да халықаралық террористік ұйымдардың экстремистік идеологиясын насихаттайтын материалдарды жүйелі түрде таратқан, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
null

Экстремистік материалдар жалпы саны 400-ден астам қатысушысы бар 24 желілік қоғамдастыққа орналастырылған.

Тергеу және өзге де іс-шаралар жалғасуда. 

Соңғы жаңалықтар