WBC рейтингінде қазақстандық боксшылар өз орындарын сақтап тұр

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - WBC Бүкіләлемдік бокс кеңесінің наурыз айындағы рейтингі жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz">Sports.kz -ке сілтеме жасап.

Жаңартылған рейтингте қазақстандық боксшылардың да аты-жөндері бар.

Ауыр салмақта өнер көрсететін Иса Ақбербаев 35 орынды сақтап қалды. Жартылай ауыр салмақтағы Әли Ахметов 28-ден 27-ге көтерілді. Жартылай жеңіл салмақтағы дивизионда Бекман Сойлыбаев бір сатыға көтеріліп, 20-орынға табан тіреді. Ержан Залилов жартылай жеңіл ТОП-40 санатында 39 орында тұр. Жанат Жақиянов жеңіл салмақ дивизионының 11 орынында тұр. 

Соңғы жаңалықтар