WBC президенті Головкин - Альварес айқасына қатысты пікірін білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл тамаша боксшылар жұбы. Бұл айқаста тәжірибе мен жастық, күш пен жылдамдық белдеседі. Екі боксшы да бұл жекпе-жекке өздерінің ең жақсы дайындығымен келеді. Олардың бокстасу стилі бізге ұлы да тамаша айқас сыйлайтынына сенейік. Бұл жекпе-жекке бүтін әлем көз тігіп отыр, өйткені ол тарихи айқас болмақ», - дейді Сулейман.

Еске салайық, 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Осы жекпе-жекте Альварес GGG-дің тек екі атағы - WBA мен IBF белбеулері үшін ғана таласады. Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі - WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады. Ал қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, төрт белбеуіне тағы The Ring журналының арнайы белбеуін қосып алады. Аталған басылым оны арнайы Альварес үшін шығарған болатын.

Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда жекпе-жектің тікелей көрсетілімі 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар