WBC Конвенциясы Бакуде өтетін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) ресми сайты ұйымның жыл сайынғы Конвенциясының өткізілетін мерзімі мен орны туралы мәлім етті, деп хабарлады Sports.kz.. 

Конвенция 2017 жылдың 1-6 қазаны аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде өтеді.

Бүкіләлемдік бокс кеңесі өкілдерінің хабарлауынша, ұйымдастыру процесінде Әзербайжанның Спорт министрі Азад Рагимов маңызды рөл атқарды.

Айта кетейік, аталмыш шара әуелде Астанада, ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында ұйымдастырылады деп жоспарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар