WBC Головкин-Альварес жекпе-жегіне тігілген белдікті таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегінің жеңімпазына арналған арнайы белдікті таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арнайы белдікке 16 қыркүйек деген жазу ойылып жазылған, сондай -ақ екі жағында Қазақстан және Мексика елінің мемлекеттік туы бейнеленген.
null

Айта кетейік, WBC ұйымы бұған дейінгі үлкен жекпе-жектерге де арнайы белдіктер дайындаған. Оған мысал ретінде Макгрегор-Мейвезер айқасына әзірленген бір жарым келі 24 қаратты алтын, сондай-ақ 3360 гауһар тас, 600 жақұт және 160 зүмірет тас қолданылған «бағалы белбеуді» айтуға болады. Ал осы жылдың 3 мамырында Альварес пен оның отандасы кіші Чавес арасындағы айқасқа арнайы дайындалған белдікте Қазақстан туы алғаш рет ұйымға мүше ел ретінде бейнеленді.

Еске сала кетейік, Альварес Головкинмен болатын жекпе-жегінде WBC белдігіне таласудан бас тартқан болатын. Оған себеп, 2015 жылы қараша айында Сауль Альварес кубалық Мигель Коттодан орта салмақтағы WBC титулын жеңіп алды. Жекпе-жектен кейін Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Альвареске міндетті қарсылас ретінде қазақстандық Геннадий Головкинді белгіледі. Қортындысында, Альварес титулдан бас тартқан болатын.

Соңғы жаңалықтар