WBC: Головкин - Альварес реваншы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы реванштың болатындығын растады, деп жазады Sports.kz.

«GGG - «Канело» екінші жекпе-жегі 5 мамырда болады, өтетін орны анықталуда», - делінген WBC-дің Туиттер парақшасында.

Бұрын Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес «Канелоның» реванш өткізуге келісім бергенін айтқан болатын. Болжам бойынша, ол Лас-Вегаста өтуі тиіс.

Еске сала кетсек, боксшылардың 2017 жылғы 16 қыркүйектегі бірінші жекпе-жегі де сонда өтіп, бәсеке тең жағдайда аяқталған еді.

Соңғы жаңалықтар