WBC чемпионы Головкинді ең қауіпті боксшы деп атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші ауыр салмақта WBC атағының иегері британиялық боксшы Тони Белью (28-2-1, 18 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Осы уақыттағы ең қауіпті боксшылардың бірі Ломаченко ма, әлде GGG ма?», деп жауап берді Белью өзінің әлеуметтік желідегі оқырмандарының біріне.

Украиналық Василий Ломаченко (7-1, 5 КО) екінші жартылай жеңіл салмақта WBO дәрежесі бойынша әлем чемпионы.

Осыған дейін Белью Головкинді бокстағы аңыз есім деп, егер өзіне сондай мүмкіндік беретін болса, ол GGG мен америкалық Андре Уордтың (31-0, 15 КО) кездесуін ұйымдастыратынын мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар