WBC басшысы Головкин - Альварес реваншының болмауы қанша залал әкелгенін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC президенті Маурисио Сулейман Сауль Альварестің сынамасынан допинг табылғаны өкінішті екенін айтты, деп жазады Sports.kz.

Допинг дауында «Канелоның» кінәсі жоқ. Ол әдейі допинг қолданбағанына сенімдімін. 18 сәуірде жағдай айқындалады деп ойлаймын. Іс өте қиын. Допинг үшін жаза берілетіні анық. Бірақ бұл жерде әділдік мәселесі де бар. «Канеломен» масқара жағдай болды. Осы оқиға биыл өтеді деп күтілген ең үлкен әрі маңызды жекпе-жекті жоққа шығарды», - дейді Сулейман Boxingscene.com-ға берген сұхбатында. 

Фото: allboxing.ru

Соңғы жаңалықтар