WBA Головкин-Джейкобс кездесуі бойынша промоутерлік сауданы тоқтатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - RingTV басылымының хабарлауынша, Геннадий Головкиннің промоутері Том Лефлер 22 қазанға белгіленген промоутерлік сауданы болдырмау үшін Дэниел Джейкобстың командасымен келіссөздер жүргізу мақсатында WBA-дан қосымша 15 күн сұрап алды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Біз тек Джейкобстың тарапымен болған келіссөздерді аяқтауға тырысып отырмыз»,-деді Леффлер басылым тілшісіне берген сұхбатында.

«Біз екі жаққа да тиімді болатын келісім жасай аламыз. Сол себепті промоутерлік сауданы ұйымдастыруға мәжбүрлеудің қажеті жоқ».

Осыған дейін WBA президенті кіші Жилберто Мендоза промоутерлік сауданы 22 қазанға белгілеген болатын.

Жақында ол тараптарға келіссөздер үшін тағы 15 күн берілгендігін жария етті.

Соңғы жаңалықтар