ВВС арнасы Жетісудың әсем табиғаты жайлы ролик түсірді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - ВВС телерадиокорпорациясы Қазақстанға туристер тартуға арналған тағы бір бейнеролик түсірді, бұл жолы Алматы облысы таңдап алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

BBC Worldwide коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин өзінің Фейсбуктегі парақшасында: Өткен жылдың жаз айларында біз Қазақстанның Алматы облысында бірден бірнеше жобаларды түсірдік. Ондағы қоршаған ортаның көркемдігін бәрімен бөліскіміз келді. Алматы облысы жайлы өз көзімізбен көріп, аяғымызбен басқан жазық дала, ертегідегідей таулар, керемет көлдер мен тынысыңды кеңітетін таудан аққан тасқын сулар жайлы бүкіл әлемге көрсетілетін жарнамалық ролик түсірілімін аяқтағанымызға қуаныштымын...».

Соңғы жаңалықтар