Volvo Ocean Race яхталар жарысының Тынық мұхит кезеңі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің ең мықты яхталарының арасында ұдайы өткізілетін Volvo Ocean Race жарысының Тынық мұхит кезеңіне старт берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

Ашық мұхитта 30 мың мильге жарысатын 7 яхташылар командасы регатаның ең қиын кезеңіне кірді. Мұхит бәйгесінің жетінші бәсекесіне қатысушылар жексенбі күні Жаңа Зеландияның Окленд портынан «жолға» шықты. Осы кезеңде 7600 мильге созылатын жарыс Бразилияның Итажаи портында аяқталады.

Кезеңнің басынан Испанияның MAPFRE командасы өзгелерден оза шықты. Испаниялық теңізшілер жалпы биылғы жарыста бірінші орында келеді. Олар екінші орындағы қытайлықтардың Dongfeng командасынан 5 ұпайға алда.

Еске сала кетейік, жалпы 11 кезеңнен тұратын 2017-2018 жылғы Volvo Ocean Race-тің әр кезеңін бірінші орынмен аяқтаған командаға 7 ұпай, екінші командаға 6 ұпай, үшінші орынға 5 ұпай, т.с.с. беріледі. Жарыстар 2017 жылғы 14 қазанда Испанияның Аликанте портынан басталған, жоспар бойынша, 2018 жылғы 21 маусымда Голландияның Гаага қаласында мәреге жетеді.

Соңғы жаңалықтар