Volkswagen жүргізушісі қарағандылық әйелді қағып, оқиға орнынан ізін суытты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі іздеу бөлімінің қызметкерлері бір тәулік ішінде әйелді қағып, оған көмектесудің орнына оқиға орнынан ізін суытқан жүргізушіні ұстады.

«23 қазанда 14 шағын ауданда шетелдік көліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай әйел адамды қағып кетті. Жапашеккен әйелге аялдамада тұрған адамдар көмек көрсеткен. Оны қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан ізін суытты. Жапа шегуші мен куәгерлер көліктің маркасы мен түсін ғана есте сақтап қалған. Әйел көліктің артқы жағында із қалуы керек екенін айтты», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

Іздеу бөлімінің қызметкерлері бір тәулік бойы Майқұдықтағы аулалар мен тұрақтарды тексерді. Көлік жабық тұрақтардың бірінен табылды. Қызыл түсті Volkswagen көлігінің 24 жастағы иесі өзі істеген әрекетті мойнына алды.

«Жігітте көлікті басқару құқығы болмаған және ол мас күйде көлік рөліне отырғандықтан, көлік жүргізу құқығынан айырылды. Жүргізуші істеген ісі үшін заң алдындағы жауапкершіліктен қорыққан соң, оқиға болған жерден ізін суытқан. Қазір заң бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергу амалдары басталды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар