Волгоградта ҰОС кезінен қалған 50 келілік бомба залалсыздандырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазанның 21-і күні Ресейдің Волгоград қаласында Волга өзенінің түбінен Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған салмағы 50 келі болатын ФАБ-50 авиациялық бомба шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат utro.ru сайтына сілтеме жасап.

Мәскеуден оны залалсыздандыру үшін арнайы мамандар тобы келді.

Бомба Волга өзенінен 5 метр тереңдікте табылды.

Қауіпті затты жағалауға шығару оңайға соқпады, оны арнайы көлікке тиеді. Жедел топтың сүйемелдеуімен бомба Орловксий карьеріне қауіпсіз жерге апарылып, сәтті залалсыздандырылды.

Бұл 2016 жылы Волгоград облысы аумағынан табылған ҰОС кезінен қалған 15-ші авиабомба.

Соңғы жаңалықтар