Волейбол: әйелдер арасында ел чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлері белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Өскемен қаласында әйелдердің ұлттық лига командалары арасында ел біріншілігінің қорытынды туры аяқталып, жеңімпаз-жүлдегерлер белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстан волейбол федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, соңғы ойында түркиялық маман Бурхан Жанболат жаттықтыратын Өскеменнің «Алтайы» «Астана» командасын 3:0 есебімен тізе бүктіріп, 78 ұпаймен екінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды. Павлодардың «Иртыш-Казхром» командасы «Алматыны» 3:0 есебімен ұтып, 75 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал қола медаль біріншілік қорытындысында 61 ұпай жинаған Талдықорғанның «Жетісу» командасына бұйырды.

Өскеменде өткен соңғы турда алаң иелері барлық бес кездесуінде де жеңіске жетіп, 15 ұпайды иеленді. Олар бұл турда өздерінің алтын жүлде үшін негізгі қарсыласы - павлодарлықтарды да ұтты.

Чемпионаттың үздік ойыншылары да анықталды. Атап айтқанда, Коринна Ишимцева («Жетісу») үздік пас беруші, Радмила Береснева («Иртыш-Казхром») мен Юниеска Роблес Батиста («Алтай») үздік шабуылшы, Кристина Аниконова («Алтай») мен Алла Богдашкина («Иртыш-Казхром») үздік тосқауыл қоюшы, Әлия Садықова («Алтай») үздік либеро, Кристина Карапетян («Иртыш-Казхром») үздік диагональ ойыншы атанды. Ал Орал волейболының түлегі, «Алтай» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Сана Анарқұлова ең бағалы ойыншы атағына қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар