Владивосток портында кеме өртеніп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Владивосток портында Ресейдің Тынық мұхит флотының қайыққа қарсы кемесінде өрт шықты, деп хабарлайды ТАСС.

Кеменің өртенуі туралы фактіні жергілікті өңірдің Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бас басқарманың баспасөз қызметі растады.

«Иә, өрт оқиғасы тіркелді, қазір бірігіп жұмыс істеп жатырмыз»,-деді  баспасөз қызметінің өкілі.

Владивосток Теңіз құтқару-ұйымдастыру орталығы хабарлағандай, өрт «Маршал Шапошников» кемесінен шыққан. Кемеден 100-ден астам экипаж мүшелері эвакуацияланды. Құрбан болғандар мен зардап шегушілер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар