Владимир Жұмақанов ТМД елдері қауіпсіздік қеңестері хатшыларының кездесуіне қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов биылғы 22 қарашада Мәскеу қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік қеңестері хатшыларының бесінші кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында делегациялар басшылары ТМД кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке төніп тұрған қазіргі қауіп-қатерлер тұрғысынан аймақтық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Ауғанстандағы ахуал мен Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздігін қамтамсыз ету жөніндегі шаралар, радикалдық діни ағымдардың таралуына қарсы тұру, сондай-ақ эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Бүгін Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік кеңестері аппараттары деңгейіндегі кезекті екіжақты консультациялар аясында В.Жұмақанов ресейлік әріптесі Н.Патрушевпен келіссөз өткізді.

Қазақстан мен Ресейдегі ұлтаралық саясат саласын қоса алғанда екіжақтық қарым-қатынастардың кең ауқымды бағыттары бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ, консультациялар барысында экологиялық қауіпсіздік мәселелері және екі ел халқының денсаулығын сақтау жөніндегі шаралар қарастырылды.

Фото: pravo.by

Соңғы жаңалықтар