Владимир Путин Қазақстанмен әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығымен құттықтап, стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті. 

Құттықтау жеделхаты Кремль сайтында жарияланды, деп хабарлайды ТАСС.

«Артта қалған ширек ғасырда Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын достық пен өзара құрметтің игі дәстүрлеріне негізделген екіжақты қарым-қатынастарды стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жоғары деңгейіне көтере алдық», - делінген құттықтауда.

РФ президенті екі мемлекеттің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, гуманитарлық және басқа да салалардағы саяси диалогы мен жемісті ынтымақтастығының қарқынмен дамып келе жатқанын тілге тиек етті. «Елдеріміздің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы күш-жігерін үйлестіру аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға қызмет етеді», - деді Ресей президенті. Путин екі елдің халықаралық мәселелерді шешудегі конструктивтік ықпалдастығының одан әрі дамуына сенім білдіріп, Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық пен табыстар тіледі.

Соңғы жаңалықтар