Владимир Божко Мәжіліс депутаттарының жұмысы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Қазақстан халқы Ассамблеясы басшыларымен, активімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында Божко Ассамблеядан сайланған Мәжіліс депутаттарының жұмысымен таныстырды.

«6 сәуірде Парламентте Ассамблеядан (9) және өзге де партиялардан ұсынылған (22) депутаттардың тобы құрылды. 1 қыркүйектен бастап топ Парламенттің 4 біріккен отырысына қатысты. Сондай-ақ, заң қабылданатын 28 пленарлық отырысқа, 11 үкіметтік сағатқа,  тұрақты комитеттердің 206 жиынына ат салысты.

Аталған депутаттық топ мүшелері 1 394 түзету мен ұсыныс енгізді. Жиындарға нағыз өз ісінің мамандары - сарапшыларды тартамыз. Комитет мүшелері Конституцияға енетін өзгерістерді талқылады. Өңірлерге барып, 1 109 рет азаматтарды қабылдады. Топ мүшелері 65 депутаттық сауал жолдады. Ассамблеядан ұсынылған депутаттар 16 сауал берді»,- деді Владимир Божко.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық ой-сананы жаңғырту» мақаласы талқыланды.

Мәжіліс депутаты Қазақстанның  мәдениеті мен тарихындағы мол мұраны келер ұрпаққа жеткізу мәселесінің маңыздылығын тілге тиек етті.

«Қоғамдық сана мәселесі өте маңызды. Бұрын біреуде қайғы болса, оған барлығы көмектесетін. Қазір көпшілігі түк болмағандай қасынан өтіп кетеді. Нағыз патриотизм сезімін насихаттап, отбасы институтын, үлкендерге құрметті сақтап қалуымыз керек. Жастар неге классикалық музыканы ұнатпайды? Себебі, мектеп оқушыларының көпшілігі классикалық концерттерге бармайды. Театрларға да ешкім бармайды. Біздің басты - мақсатымыз жастарды барынша рухани құндылықтарға баулу», - деді Божко.

Кездесу соңында Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Ассамблеядан ұсынылған депутаттық топтың жұмысын жақсарту бойынша жиналғандардың ұсыныстары мен тілектерін  қабылдады.

Соңғы жаңалықтар