Владимир Божко көші-қон полициясындағы кемшіліктерді атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Қазақстанның көші-қон полициясындағы сыбайлас жемқорлықты қадағалауды күшейтуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көші-қон полициясы қатарында сыбайлас жемқорлық мен өзге де қызметін теріс пайдалану фактілерін анықтау бойынша жұмыстарды күшейту қажет. Осы орайда ҰҚК-ның жедел-іздестіру қызметі мен ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік және кадрлық аппарат қызметтерін нығайту керек болып тұр. (...) ОҚО бойынша Көші-қон полициясы басқармасының басшысының ұсталуы фактісі әлі күнге дейін ІІМ-нің бұл бөлігіндегі жеке құрамның қатарында кемшіліктер бар екенін аңғартады», - деді А. Божко.

Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылы көші-қон полициясына қатысты 9 қылмыстық іс, 2016 жылы - 6 қылмыстық іс, 2017 жылы 6 қылмыстық іс қозғалды.

«Көші-қон режімін бұзғандарды мәжбүрлі түрде шығару бойынша заңнамалық базаны жетілдіру тұрғысында ұсыныстар әзірлеп, Парламентке енгізу қажет. Ол үшін ведомствоаралық топты құрып, өзара іс-қимылды жақсартудың қадамдарын жетілдіру керек. Бұл ретте Бас прокуратураның көзқарасымен келісеміз және осы шараларды ұзаққа созбау керек», - деп тапсырды Божко.

Соңғы жаңалықтар