ВКонтактеде танысқан жігітпен кездесуге кеткен алматылық оқушыны 4 тәуліктен бері таппай жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық оқушы қыз ВКонтакте арқылы танысқан жігітпен кездесуден соң жоғалып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анасы Натальяның айтуынша, 13 жастағы Галина үйден жексенбі күні 12:30-да шығып кеткен. Кетерінде Коля Вольнов деген баламен кездесуге баратынын айтқан. Анасына ол кешкі 4-те келемін деп уәде берген.

Екеуі соңғы рет Іле ауданындағы мектептің маңайында кездесіп, содан ізім- ғайым жоқ болып кеткен.

«Қызым Колямен 1-2 апта бұрын Вконтакте желісінде танысқан екен. Галинаның досы кейін маған айтты. Сол кезде алғаш рет кездесуге бара жатқан. Ол бала да біздің мектепте оқиды екен. Білуімше, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан. Бұрын велосипед ұрлағаны үшін қылмысты болған екен», - деді анасы Наталья.

Галинаның телефоны кешкі 11:00-ге дейін қосылып тұрған. Одан кейін өшіп қалған.

Қазір Іле аудандық ІІБ Галина Япсқа іздеу жариялады.

Соңғы жаңалықтар