Виртуалды мысық асырайтын қосымша жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониялық InnoVision компаниясы Android-та мобильдік ойын жасап шығарды. Ол виртуалды үй жануарын - мысық асырауға мүмкіндік береді, деп хабарлайлды ҚазАқпарат Ubergizmo.com-ға сілтеме жасап.

Meow! AR Cat ойыны былтыр танымал болған «Тамагочиге» ұқсайды. Қолданушы мысықты тамақтандырып, түрлі киімдер кигізіп, онымен бірге қыдыра алады және виртуалды ортада ойыншықтармен ойната алады (мысалы, лазерлік таяқша).

Сондай-ақ, онымен бірге селфи жасап, видеоға да түсуге болады.

Бұл қосымша бұдан бұрын iOS құрылғысында болған еді, бүгінде Android-та да пайда болды.

ARCore қандай да бір қосымша құрылғысыз жұмыс істейді, екі камераны немесе арнайы тереңдік құрылғысын қажет етпейді. Қолданба көптеген смартфондарда істей береді. 

Соңғы жаңалықтар