VIII Халықаралық тау-кен металлургия конгресі өз жұмысын бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Тәуелсіздік сарайында VIII Халықаралық тау-кен металлургия конгресі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің металлургия саласына ерекше назар аударып келеді. Мемлекет басшысы Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында тау-кен металлургия саласының ел экономикасының дамуын қамтамасыз етудегі стратегиялық рөлін атап өтті. Президенттің көреген саясатының арқасында тау-кен саласында ірі жобалар жүзеге асып, қазір сала тұрақты даму жолында», - деді конгресстің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин.

3

Сонымен қатар ол Қазақстан минералды шикізат қорларына бай екендігін және осы көрсеткіш бойынша әлемнің алғашқы ондығына кіретіндігін атап өтті.

«Тау-кен металлургия саласы Қазақстанның индустриялды-инновациялық дамуына үлкен үлес қосып келеді. Конгресс жұмысы барысында тау-кен саласының өзекті мәселелері талқыланады. Конгресс мемлекеттік органдар мен іскерлік орта өкілдері пікір алмасатын халықаралық деңгейдегі шараға айналды», - деді Мамин.

Айта кетерлігі, конгресс аясында «Алтын Гефест» ұлттық салалық сыйлығын табыстау шарасы өтеді. Бұл сыйлықты еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі тау-кен металлургия саласының көшбасшыларын ынталандыру және қазақстандық компаниялардың қоғам ішіндегі танымалдылығын арттыру мақсатында бекіткен болатын. Сыйлық биыл 8-рет табыс етіледі.

2

Соңғы жаңалықтар