Вице-премьер ұлттық компания қаржысын қалай үнемдегенін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары технологиялар жұмыс тиімділігін арттырып, қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы «IoT Forum Astana-2017» форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАтомӨнеркәсіпте» жұмыс істеген кезімізде уран өндіретін ұңғымаларға сәйкесінше  құрылғылар орнаттық. Аталған құрылғылар жер қыртысының химиялық элменттері, жер қойнауындағы химиялық реагенттердің көлемі туралы  ақпараттарды бізге беріп отырады және сәйкесінше қауіпсіз жағдайда уран өндіруімізді қамтамасыз етеді. Аталған ақпарат біздің ахуалдық орталыққа келіп түскеннен кейін сарапшылар дұрыс, негізді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Бұған қоса, шығыстарымызды 10 есеге қысқарта алдық. Яғни, мұндай технологияларды енгізудің тиімділігі бар»,-  деді Асқар Жұмағалиев.

Вице-премердің пайымынша, Қазақстан кәсіпорындарында жоғары технологияларды енгізу  өндірісті автоматтандыруға еңбек өнімділігін арттыруға, қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, Асқар Жұмағалиев 2015-2017 жылдары «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметін атқарған болатын.

Соңғы жаңалықтар