Вице-министр Винокуровтың «сыйы» үшін кешірім сұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күні кеше Монако мемлекеті ЭКСПО-2017 көрмесінде ашылатын өзінің ұлттық павильонын таныстырған болатын. Сол жерде күн энергиясы негізінде жүретін велосипед қойылмақшы. Аталған жобаның демеушісі - Олимпиада чемпионы, қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы мәселені журналистер бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында көтерді. «Қалайша біздің чемпионымыз өзімізде өтейін деп жатқан көрмеде бөгде бір елдің жобасын қаржыландырып отыр?», - деп сұраған болатын журналистер ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдан.

«Шынымды айтсам, мен біздің чемпионның Монаконың жобасын қаржыландырғаны жайында бұған дейін білген жоқпын. Оны енді ғана естіп отырмын. Біз аталған мәліметті алдағы уақытта ескереміз. Сосын ендігіде ондай инновацияларды енгізу барысында ең алдымен өзіміздің азаматтарымыз да белсене атсалысуы керек. Осыны қарастыратын боламыз», - деді Скляр бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аясындағы инновациялық жобаларды іріктеу жұмысына ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жауапты. Көрме кезінде арнайы аймақ ашылады. Сол жерде баламалы энергетика саласындағы қазақстандық инновациялар таныстырылады.

Соңғы жаңалықтар