Вице-министр «Қазақстан халқы» картасының артықшылығын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов «Қазақстан халқы» интерактивті картасы туралы баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан халқы» интерактивті картасын ғылыми негізде құрастыру бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды сапалы әрі уақтылы орындау үшін ҚХА бірлескен жұмыс тобын құрған. Сондай-ақ,  тарих, география, ақпараттық және есептеу технологиялары салаларының ғалымдары картаны құрастыруға қол ұшын созған.

«Қазіргі уақытта тапсырманы үш ғылыми-зерттеу институты жүзеге асыруда, олар - Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, География институты мен Ақпараттық және есептеу технологиялары институты. Жобадағы қоғамдық-мәдени бағыттылықтың жарқын көрініс табуы оның танымдық құндылығын арттыра түседі. Бұл жұмысқа кірісерде әлемдік тәжірибелерді зерттедік», - деді Асхат Аймағамбетов.

«Қазақстан халқы» зияткерлік ғылыми картасында ел халқының этникалық тарихы, салт-дәстүрлері, қоныстану үрдістері көрсетіледі. Жоба заманауи Веб-ГИС технологияларына негізделген.


Сонымен бірге, вице-министр «Қазақстан халқы» картасының әлемнің кез келген нүктесінде, кез келген қолдану интерфейсінде, мобильді, стационарлық құрылғыларда қолжетімді болатынын атап өтті. Одан бөлек, мұндай халық қарталары АҚШ пен Ресейде, Еуропа елдерінде бар.

Соңғы жаңалықтар