Венгрия ЭКСПО-2017 көрмесіне өсімдіктерді пайдалану жөніндегі жоба ұсынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасының Венгриядағы Құрметті Консулы Ласло Хорват пен Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Андраш Баранимен кездесті. Бұл туралы көрменің ресми сайты хабарлады.

Басқосуда тараптар техникалық мәселелерді талқылады. Ахметжан Есімов көрмеге дайындық барысы мен  халықаралық қатысушыларды тартуда атқарылып жатқан жұмыспен таныстырып өтті.

Қазіргі таңда 103 мемлекет халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын растады. Келісімшарттарға қол қою жұмысы жылдың аяғында аяқталады. Бүгінде ұлттық компания экспозицияларды қабылдауға  ісіне кірісті.

Ласло Хорват өз сөзінде ЭКСПО-2017 көрмесіне Венгрия алғашқы елдердің қатарында растағандығын атап өтіп, көрмеге қатысудағы стратегиялық маңыздылығына тоқталды.

«Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі біз үшін өте маңызды, өйткені біз 2021 жылы Олипиадалық ойындарды өткізуге ұсыным берген болатынбыз. Көрме алаңын Венгрияның неге қабілетті екендігін көрсету үшін пайдаланғымыз келеді» - деді Қазақстан Республикасының Венгриядағы Құрметті консулы Ласло Хорват.    

Сондай-ақ, ол бұдан басқа да Венгрия электрокөлік экспозициялары мен өсімдіктерді пайдалану бойынша жобаларын ұсынатындығын айтты.  

венгрия экспо  

 

Соңғы жаңалықтар