Венесуэлада студенттер наразылық шеруге шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэланың Сан-Кристобаль қаласындағы студенттер жаппай ереуілге шықты. Олар өздерін тоқтатпақ болған полицияға тас лақытырып, қақтығысқа түскен, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Ереуілге қарсы жауап ретінде тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ пайдаланып, бұзақылыққа барғандарды таяқтың астына алды. Қақтығыстардан 27 адам зардап шекті. Олардың төртеуі ауыр халде ауруханаға түскен. Тағы бірнеше студент қамауға алынды.

Мәліметтерге қарағанда, жастардың жаппай ереуілге шығуына биліктің президент Николас Мадуроның мерзімінен бұрын отставкаға кетуіне байланысты өтуі тиіс референдумның екінші кезеңін кейінге шегеруі себеп болған.

Парламентте көпшілік орынға ие оппозицияның пікірінше, Мадуро референдумды болдырмай, конституцияны бұзған, сол үшін ол мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырушы деп жариялады.

Айта кетейік, соңғы жылдары Венесуэла экономикалық дағдарысқа тап болған. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы арзандағаннан кейін мұнда инфляция артып, азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығы байқалған болатын.

Соңғы жаңалықтар