Венесуэлада ереуіл тыйылмай отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэлада бір аптадан кейін, 30 шілдеде елдегі конституция мен биліктің жүйесін өзгертуге құқығы бар Құрылтай жиналысына сайлау өтуі тиіс, деп хабарлайды euronews.com .

Ел президенті  Николас Мадуро  сайлауды алдын ала референдумсыз тағайындады.  Оппозиция бұл қадамды заңсыз санайды және оны өткізбеуге барын салуда. 

Айта кетерлігі, осы бейсенбіде елде 24 сағаттық ереуіл болды. Жағдай ушығып, соңғы айлардағы қақтығыс құрбандары 90-нан асты.

Сондай-ақ, үкіметтің жақтастары апта соңына қарай жаппай акция  өткізуге ниетті.

Соңғы жаңалықтар