Велотректен 2018 жылғы əлем чемпионаты өтетін ел анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін велотректен 2018 жылғы əлем чемпионаты өтетін ел белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Халықаралық велоспорт одағынан ( UCI ) мәлім еткендей, келер жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын Голландия жеңіп алды.

2018 жылы велоспорттың трек түрінен əлем біріншілігі осы елдің Апелдорн қаласында өтеді. Жарысты 28 ақпан мен 4 наурыз аралығында өткізу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар