Василий Левит: Болашақ жарымды түнгі клубтан іздемеймін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері ҚазАқпарат тілшісімен әңгімелесе отырып жеке өмірі туралы сыр шертті.

Даңқты боксшы болашақта отау құрамын деген қызды әлі жолықтырған жоқпын дейді.

«Үйлену үшін алдымен сүйген қызымды жолықтыру керекпін. Ал  қыз табу үшін жеке өміріңе көбірек уақыт бөлу керек. Бірақ, жар іздеп түнгі клубтарға бармаймын, ондай жерлерді ұнатпаймын. Әрине, қазір болашақ өмірім көз алдыма әр түрлі болып елестейді, бірақ тағдырдың жазғаны болады. Қазіргі отбасым - әке-шешем, ағам мен әпкем»,-дейді спортшы.

Василий Левит Риода өткен Олимпиада ойындарында екінші орын алды. Ақтық шайқаста төрешілер жеңісті Ресей боксшысы - Евгений Тищенкоға берген болатын. Бірақ, қазақстандықтар мен шетелдік жанкүйерлер бұл шешімді әділетсіз деп тапты. Сондықтан да, Василий Левитті Қазақстан халқы чемпиондай бағалап, тіпті, Мемлекет басшысының өзі оған чемпиондармен бірдей сыйақы төлеуді тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар